Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және наурыз мерекесін атап өтуге арналған каратэ-до Шотоканнан жасөспірімдер арасында ашық турнир өткізілді.

Салауатты өмір салтын насихаттау, каратэ до шотокан спорт түрін дамыту, өскелең жас спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатында 2016 жылдың 13 наурыз күні Кентау қаласы, Ойын және су спорты түрлері балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және наурыз мерекесін атап өтуге арналған каратэ-до Шотоканнан жасөспірімдер арасында ашық турнир өткізілді.Жеңімпаз және 2-3 орын алған спортшылар  Кентау қалалықойын және су спорты түрлерінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебідайындаған дипломдармен және тиісті дәрежедегі медальдармен  марапатталды. Жарыстың нәтижесінде: Бақытбекова Нариман, Бақытбеков Рауан, Мухтар Даурен, Мухамедшина Доминика, Искакова Руфина, Цой Наталья, Цой Анна, Абдрешов Дастан, Абубакиров Жахангир жүлделі орындарды иеленіп жарыстың үздік спортшылары атанды.
© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ