Облыс көлемінде дайындаушы ұйымдарды құру туралы!

Агроөнеркәсіптік кешен саласында ауыл  шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге қолдау көрсету мақсатында,  ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің өндірген өнімдерін тікелей сауда орындары мен қайта өңдеу  кәсіпорындарына жеткізу үшін республикамызда дайындаушы ұйымдарды қайта құру жұмыстары қолға алынуда.

      Осы жұмыстарды      іс жүзіне асыру       аясында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 30.03.2015 жылғы «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» №9-3/271 және 30.03.2015 жылғы «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы  ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» №9-3/278 бұйрықтары, стандарты мен регламенті қабылданды.                                 .                                          

      Дайындаушы ұйым жеке қосалқы шаруашылықтан,  шаруа (фермер) қожалығынан және ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғадан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімін дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және өткізуді жүзеге асырып, кәсіпкерлік қызметтерін дамыта алады.

      Аталған бұйрықтың Ережесі негізінде, агроөнеркәсіптік кешен саласында құрылған  дайындаушы ұйымдарды субсидиялау тиісті есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін есептелген қосылған құн салығы (ҚҚС) шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы бойынша күнтізбелік  жыл қорытындысы бойынша төленеді.

      Дайындаушы ұйымның ауыл шаруашылығы өнімін өткізгеннен түскен кірісі, тиісті есептік жыл үшін жиынтық жылдық кірістің 90 пайызынан кем болмауы керек.

     Субсидиялау тәртібі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы аккредиттелген дайындаушы ұйымдарға төленеді.

      Дайындаушы ұйымдар аккредиттеуден өту үшін ауыл шаруашылығы басқармасына  аккредиттеуге бекітілген нысанға сәйкес, өтініш береді.

Өтінішті белгіленген нысанда берген жағдайда аккредиттеуден бас тартуға жол берілмейді.

      Осыған орай, қайта өңдеу өнеркәсібі саласында дайындаушы ұйым құруға тілек білдірген жеке және заңды тұлғалар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына хабарласуына, өтінім беруіне болатынын хабарлаймыз. Байланыс тел: 8(7252)-29-00-10; 

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ