Материалдар


Мақұлбаев Әбдібақыт Тілләбайұлы

 

            1961 жылы туылған. 1983 жылы К. А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылық академиясын бітірген, мамандығы Ғалым агроном. Экономика ғылымдарының кандидаты.

            Еңбек жолын 1983-1985 жылдары «Коммунизм» совхозының комсомол комитеті хатшысының орынбасары болған. 1985-1986 жылдары «Коммунизм» қой совхозы, тұқым шаруашылығы бойынша аға агрономы болып жұмыс істеген. 1986-1989 жылдары Қазақстан Ленин коммунистік жастар одағының (бұдан әрі - ЛКЖО) аудандық комитетінің бірінші хатшысы болды. 1989-1992 жылы Қазақстан ЛКЖО Шымкент облыстық комитетінің хатшысы, екінші хатшысы. 1992 жылы Шымкент облысы әкімшілігі аппараты, ұйымдастыру-талдау бөлімінің инспекторы болып шықты, жане сол жылы Облыс әкімшілігінің ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалады. 1992-1994 жылдары «Шаруа» Оңтүстік Қазақстан агроөнеркәсіптік өндірістік-коммерциялық концерні, менеджмент және маркетинг бойынша вице-президенті болады. 1994-1995 жылдары Облыс әкімшілігі ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болды. 1995-1998 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының әкімі болып қызмет еткен. 1998-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры болды. 2002-2004 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының әкімі болды. 2005-2008 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Көш-қон басқармасының бастығы болады. 2008-2010 жылдары Көші-қон комитетінің ОҚО бойынша департаментінің директоры болды. 2010-2012 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ОҚО бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті директорының орынбасары болып қызмет етеді. 2012 жылы «Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директоры болып жаңа қызметке кіреді. 2012-2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының әкімі болып, 2014 жылдан қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының әкімі.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ