Сабантой – еңбек пен достықтың мерекесі

"Кеншілер" саябағында татар және башқұрт халықтары үшін басты ұлттық мереке - Сабантой тойланды. Мерекені жергілікті тұрғындар ыстық ықыласпен атап өтті.

Іс-шарада қала әкімінің орынбасары Р.Мыңбаев пен "Нұр Отан" партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Асылбеков көпшілікті мекерекемен құттықтады. Қаланың өнерпаз жастары әсем әндер шырқап, татар-башқұрт халықтарының билерін биледі.

Жалпы, сабан сөзінің көне мағынасы - «соқа». Яғни, сабантой - соқа тойы. Татар, башқұрт халықтары бастапқыда бұл мерекені егіс науқаны басталған кезде (сәуір айының аяғы) тойласа, бертініректе науқанның соңына (маусым айы) көшірген. Тарихшылардың айтуынша, бұл халықтар сабантойды, кем дегенде, 15-ғасырдан бері мерекелеп келеді деген деректер бар.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ