Брифинг

Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың

Елбасы Жолдауынан туындаған

міндеттердің облыста жүзеге

асырылуы бойынша Орталық

коммуникациялар қызметінде

өтетін брифингке баяндама

ЖОБАСЫ

 

Қайырлы күн, құрметті брифингке қатысушылар!

 

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы халыққа арнаған Жолдауы ерекше мәнге ие болып, биік мақсаттарды белгілеп берді.

Айқын межені бағындырып, экономиканы өркендету жолында Оңтүстік Қазақстан облысының да қосар үлесі мол болмақ.

Уважаемые участники брифинга!

 

Сегодня мы отмечаем особую значимость Послания нашего Президента Нурсултана Абишевича Назарбаева «Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособность», которое определило новые планки развития.

На пути совместного покорения новых рубежей и создания цветущей экономики есть особая миссия и у Южно-Казахстанской области.

Уважаемые представители mass media!

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Бүгінгі баяндамамда Оңтүстік Қазақстан облысының Үшінші жаңғырудың жүзеге асыруына қосқан үлесін аталған Жолдаудың мазмұны, талаптары мен логикасына сай көрсетуді жөн көріп отырмын.

Экономикалық дамудың жаңа моделі

2016 жылдың қорытындысымен облысымыздың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны сақталды. Жалпы өңірлік өнім көлемі 1,1%артып, 2 трлн. 808,4 млрд. теңгені құрады.

Облысымыз бірқатар салаларда көшбасшылық орындарда келеді. Атап айтқанда Республикада облыстың ауыл шаруашылығының өнім көлемінің үлесі 12,3%-ды құрады.

Жекелей тоқталғанда:

- Жылыжайлар - 1123 га, республикадағы үлесі - 80%;

- Мақта - 286,7 мың тонна, үлесі - 100%;

- Бақша – 1 млн 264,5 мың тонна, үлесі - 61,1%;

- Жүзім - 51,4 мың тонна, үлесі - 68,5%;

- Жеміс - 90,7 мың тонна, үлесі - 37,8%;

- Көкөніс - 944,2 мың тонна, үлесі - 25%.

Бірінші басымдық: Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы.

1-ші кешенді міндет: Жаңа индустрияларды өркендету.

Цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының көрсеткіштеріне сәйкес 2020 жылы копьютерлік сауаттылық деңгейін 80 %-ға жеткізу керек болса, 2016 жылдың қорытындысы бойынша ОҚО-да бұл көрсеткіш 79,2%-ды құрап отыр.

«Ақылды қала» жобасы аясында «Smart Ontustik» жобасының тұжырымдамасы әзірленуде. Ол индустриалдық-әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталатын болады.

2015-2019 жж. Индустриаландыру бағдарламасы аясындағы республикадағы 630 жобаның 135 немесе 21,4% облысымыздың үлесінде.

Бағдарлама облыста іске асырылғаннан бері жалпы құны 206,6 млрд. теңгеге, 9,5 мың жаңа жұмыс орнын құрайтын 159 жоба іске қосылып,101 млрд. теңгеге өнім өндірілді. (Өндеу өнеркәсіп өнімінің 21 % құрайды).

 


Ағымдағы жылы бағдарлама аясында 37 млрд. теңгеге 17 жобаны іске қосу, 900-ден астам жұмыс орнын құру жоспарлануда. 3 айда 1,7 млрд. теңгені құрайтын 3 жоба жүзеге асты. (Инвестициялар көлемі: «Рахат Шымкент» - 850 млн тг; «Азия Агро» - 619 млн тг; «Сырлы Созақ» - 222,9 млн тг).

Республика бойынша өндірілген мақта талшығының, мақта иірмежібінің, кілем және кілем бұйымдарының, мақтаматалардың, керамогранит тақтайшалардың өнімдерінің 100% облысымызға тиесілі.

Сонымен қатар, республикада өндірілетін минералды сулардың 47,7%,трансформаторлардың 46%, өңделген мұнай өнімдерінің 35,5%,портландцементтің 28%, фармацевтиканың - 22,6 %, облысымыздың үлесінде.

 

Облысқа импортталатын кейбір өнімдер өз өңірімізде шығарыла бастады.

Анықтама: Мотор қозғалтқыш және трансмиссиондық майлар, керамограниттік плиталар, жылтыр МДФ тақтайлар, ПВХ профильдер, су насостары мен дискілік бұрылыс бекітпелер, кілемдер мен кілем тоқуға арналған синтетикалық жіптер, шұлық бұйымдары сияқты өнімдер.

 

Ал, целлюлоза, цемент, мотор майлары, трансформаторлар, алюминді және ПВХ профильдерін, ет, май, кілем, мата, дәрі-дәрмек бұйымдарын экспорттау қолға алынды.

Сонымен қатар, Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Мұнай өңдеу өнімділігі жылына 6 млн. тоннаға дейін жеткізіліп, жоғары октанды бензиндердің үлесі 100%-ды құрайтын болады.

Облысымыз республикада мақта өсіретін жалғыз өңір болып табылады. Осы саланы дамыту және өңдеу мақсатында республикадабірінші болып ашылған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта бүгінгі таңда 10 жоба іске асырылып, 1 056 жұмыс орны ашылды.

 

Аймақта өңірімізде алғаш рет замануи технологияларды қолдана отырып ашылған 2 кілем фабрикасы жұмыс істеп тұр.

2-ші кешенді міндет: Дәстүрлі базалық салаларды дамыту.

Ауыл шаруашылығын экономиканың жаңа драйверіне айналдыру бағытында нақты шаралар атқарылуда.

Жолдауда айтылған негізгі бағыт - кооперативтер ұйымдастыру жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп келеді.

Бүгінгі күнге облыста 40 мыңға жуық (39 591) үй және фермерлік қожалықтардан біріктірілген 363 бірлік ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды.

Жерді тиімді пайдалану, суармалы егісті кеңейту бойынша өндіріске жаңа технологиялар, тамшылатып суғару әдісі, жылыжайлар салу, интенсивті бауларды ұлғайту жұмыстарын қарқынды дамытатын боламыз.

Ағымдағы жылы егістік көлемі 792,3 мың га (2016 ж. - 788,8 мың га, + 3,5 мың га), интенсивті бау аумағы 2630 га жеткізіледі (2016 ж. – 2,0 мың га, + 630 га 32 %). Қазіргі таңда интенсивті баулардың тиімділігіні шаруалардың көздері толығымен жетіп отыр. Дәстүрлі баулардан гектарына 40-50 цн. өнім алынса, интенсивті баулар 500 – 600 цн. дейін өнім алуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, 493 га жерге жаңғақ (2016 ж. – 353 га, + 140 га 40 %) және алғашқы рет 50 га бадам бауларын отырғызу жоспарлануда.

Жылыжайлар алаңы - 1323 га жеткізіледі. (2016 ж. – 1123 га, + 200 га 18 %).

 

2017 жылы шағын мал бордақылау алаңдары саны 3 013 бірлікке көбейіп - 12 163, жанұялық сүт фермалар 722 бірлікке артып – 1 938, шағын құс фермалары саны 14 бірлікке артып - 42, балық шаруашылықтары ашылады бірлікке көбейіп – 31 бірлікті құрамақ. (2016 ж. – 9 150 гашағын мал бордақылау алаңдары, 1 938 бірлік жанұялық сүт фермалар, 28 бірлік шағын құс фермалары, 27 бірлік балық шаруашылықтары ашылады)

Басымды бағыт - инвесторлармен бірігіп, ірі жобаларды іске асыруды қолға алып отырмыз.

Мысалы, Қазығұрт ауданында 603 млн. теңгеге құрғақ сүт және сары май шығару зауытын салып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде(Қуаттылығы жылына 17,5 мың тонна).

Сонымен қатар, «Ордабасы-Құс» ЖШС-мен күрке тауық етін өндіру өндірісі қуаттылығын жылына 25 мың тоннаға ұлғайту көзделіп отыр.

 

Облыста алғашқы рет жібек шаруашылығы қолға алынды.

Бәйдібек ауданында «Жібек және бау-бақша өнімдері бірлестігі» құрылып, жібек құртының азығы болып табылатын тұт ағаштары 25 гаалқапта отырғызылды.

 

2017 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 476 млрд. теңгені құрап, өсім 3,7 % деңгейінде болады деп жоспарлануда. (2016 ж.- 445,0 млрд. тг.).

3-ші кешенді міндет: Еңбек нарығын жаңғырту.

Биыл орташа айлық жалақы 15,8% өсіп, 98 960 тенгені құрады. (2016 ж. - 85 693 тг).

Жұмыссыздық деңгейі 5,2% құрады. (2016 ж. – 2017 ж. 1-ші тоқсаны. Республика бойынша - 5 %;).

Бұл ретте, жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2017 жылы 10,9 млрд. теңге бөлініп, 64 мыңнан астам адам қамту көзделуде.

Бағдарлама аясында 2017 жылдың 1 тоқсанында 21 192 адамға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді (жылдық жоспардың 33%). Жалпы 3 330 жұмыс орны құрылды.

 

Сонымен қатар, орталық атқарушы органмен Меморандум түзіліп, 66 764жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарланды.

Елбасы Жолдауында басы артық жұмыс күші бар өңірлерден басқа жерлерге қоныс аудару туралы айтып өтті. Жұмыс күші мол өңірлерден солтүстік өңірлеріне еңбек ресурстарын қоныс аудару мақсатында облыстағы халқы тығыз орналасқан Мақтарал, Сарыағаш, Шымкенттеөткізілген «Еңбек рыногының ұтқырлығын дамытудың Бизнес-Форумы» мен бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарынан 60-тан астам өкілдері қатысты.

Қазір 2019 мүшесі бар 672 отбасы қоныс аударуға ниет білдіруде. Оның ішінде еңбекке қабілетті 1008 адамның 116-сы ауыл шаруашылығымен,98-і кәсіпкерлікті дамытумен айналысуға, 794-і мемлекеттік кәсіпорындарға жұмысқа орналасуға даяр.

 

Екінші басымдық: Бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту.

  1. Шағын және орта бизнестің үлесі

Биылғы жылы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 176 684бірлікті құрап, республикадағы үлесі 15,3 % жетті. (2016 ж. – 170 390; 13 %).

2017 жылы бұл бағытқа жалпы 5,1 млрд. теңге қарастырылып, 2 075адамды қаржыландыру, мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Сонымен бірге «Даму» қоры, Аграрлық-несие корпорациясы, басқа да қаржылық институттар тарапынан кәсіпкерлер үшін ұтымды жағдай жасадық.

Екінші деңгейдегі банктер арқылы қазынадан 1 млрд. теңге бюджеттік кредит бағытталып, («Даму» қоры – 500 млн. тг; жергілікті бюджет – 500 млн. тг) шағын және орта бизнеске 8,5 %-бен несие беріледі.(Нарықта 19 %).

2. Энергетика, көлік және логистика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы қызмет көрсету құнын жақсарту

Электр қуатымен қамтамасыз ету

Облыс тұрғындары 100 пайыз электр қуатымен жалпы қамтылған. Оның ішінен 149 елді мекен сапасыз болып есептеледі. Олар жеке тұрғын үй салу барысында рұқсатсыз электр жүйелеріне қосылып, техникалық талаптарға сәйкес келмейді.

Жалпы, облыс 2017-2020 жылдарға арналған электр энергиясымен қамту Жоспары бойынша 100 тұрақты сапалы электр энергиясымен қамтылады.

Анықтама: Шымкент қаласында «Бозарық», «Астана 1,2» қосалқы станцияларының құрылысы жүргізілуде (430 мың тұрғын).

Мақтарал, Сарыағаш және Шардара аудандарына (705 мың тұрғынның) «Қызыләскер» қосалқы станциясының құрылысын ағымдағы жылы бастайтын боламыз.

Ағымдағы жылдың бюджетінде аталған бағытқа 11,5 млрд. теңге қаралып, 87 елді мекеннің халқы сапалы электр қуатымен қамтылады.


 

Ауыз сумен қамтамасыз ету

Өлкемізде елді мекендер 73,2 % ауыз сумен қамтылған (халықтың 90 %). Республикада бұл көрсеткіш бойынша 4 орындамыз. Осыған байланысты арнайы бағадарлама қабылданып, барлығы 844 елді мекеннің 701-і, яғни 83 % ауыз сумен қамтылады.

Шымкент қаласындағы «Су ресурстары – Маркентинг» кәсіпорны ТМД елдерінің арасында алдыңғы қатарлы кәсіпорынға айналды. Ол 40,0 млн. евро (9,1 млрд.теңге) инвестиция тартып, толық автоматтандырылған жүйені енгізді.

Қаланың шайынды суларды тазарту стансасы заманауи технологиямен жабдықталып, шайынды судың шөгіндісін қайта өңдеу арқылы биогаз өндіріп, одан электр қуатын алатын кешен салынды.

Анықтама: Салынған инвестициялар нәтижесінде 1998 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда төмендегіге қол жетті:

- су қоры 885 млн.м3 үнемделді;

- су жүйелері 64%-дан 38%-ға, кәріз жүйелері 72%-дан 53 %-ға төмендеді;

- су жүйелерідегі апаттың әр 100 км-ге шаққандағы деңгейі 33%-ға төмендеді;

- электр қуатының шығыны 0,87 квт/м3-ден 0,09 квт/м3-ге төмендеді. Электр қуатына жұмсалатын шығынның шартты үнемделген сомасы 8,4 млрд.теңге;

- су шығыны 38 %-дан 16,8%-ға кеміген;

- апаттық–қалпына келтіру жұмыстары 31%-ға қысқарды;

-мемлекет пайдасына есептелетін салық сомасы 125 млн.теңгеден 950 млн.теңгеге өсті. Осы аралықта барлығы 6,1 млрд.теңге салық сомасы мемлекет пайдасына алынды.

 

 

Табиғи газбен қамтамасыз ету.

Қазіргі уақытта 35,5 % елді мекен газбен қамтылған (халықтың 62 %). 2016 жылы бұл көсерткін 32,5 % болатын. Өлкемізде халықтың саны жоғары болуын ескерсек, бұл республикадағы ең үздік көрсеткіш.

4 жылда қосымша 383 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етіледі.

2021 жылға табиғи газбен қамтылған елді мекендер санын 683-ке (80,9 %) немесе 2 млн. 720 мың (95,6 %) тұрғынға жеткізу межеленіп отыр.

 

Мемлекет басшысы Жолдауда жолдардың құрылысы мен қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.

Биылғы жылы жалпы жол-көлік саласына 21 млрд. теңге жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш бойынша облысымыз бірінші орында тұр.

Жыл соңына дейін 201,5 шақырым автомобиль жолдары, 18 көпір пайдалануға беріліп, жергілікті маңызы бар жолдардың қанағаттанарлық жағдайы 64,4%-ға жеткізіледі.

 

Республикалық маңызы бар «Батыс Европа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізі құрылысы бойынша 420 шақырым жолда қайта құру жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда оның 357 шақырым немесе 85% уақытша пайдалануға берілді.

Шымкент қаласын үшінші ірі мегаполиске айналдыру – үлкен мәселе. Әлемдік деңгейде мегаполиске жататын қалалардың арнайы көрсеткіштері мен индикаторлары бар екенін білесіздер.

 

Шымкент мегаполисіне байланысты көрсеткіштер мен индикаторлар әлі де қарастырылуда. Мысалы, қаладағы жеке меншікке жататын жер үйлер саны 217 мың болса (тұрғындардың 60,7 %, 560 280 адам), көпқабатты тұрғын үй саны не бары – 2 042 (тұрғындардың 39,3 %, 362 720 адам).(Шымкент қаласы бойынша жалпы – 923 000 адам бар).

 

«Shymkent City» жобасы жүзеге асырылуда.

Осы 420 га жерді қамтитын жобаға байланысты барлық негізгі инфрақұрылымдық жұмыстар биылғы жылдың аяғына дейін аяқталады. Болашақта ол 70 мың халық тұратын тұрғын ауданға айналмақ.

 

Қаладағы ескірген Қошқар ата өзенінің бойындағы және ескі қаладағы үйлердің орнына заманауи көпқабатты үйлер салуға дайындалудамыз.

Республикамызда жасыл екпе көлемі әр адам басына шаққанда 10 ш.м. тиіс болса, Шымкентте – 3 ш.м. құрайды.

Сондықтан, облыстық әкімдік тұңғыш рет «Шатқалдар» бағдарламасын қабылдап, жоспарланған 16 қоғамдық демалыс орындарының 5-уібойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Астана үлгісімен қала маңында жасыл белдеу құру мақсатында 5064 га жерге ағаш көшеттері егілді. 2021 жылға дейін 20 мың га дейін ұлғайту жоспарлануда.

 

3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту

Биыл 30 жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы іске асыратын боламыз. Оның ішінде, 7 - спорт, 17 - білім, 5 - денсаулық сақтау нысандары. (Анықтама: 6 жоба бойынша жекеше әріптес анықталды. 7 жобаның конкурс жарияланды. 17 жобаның тиісті құжаттамалары әзірленуде.)

 

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында балабақша санын арттыру нәтижесінде облыстағы балаларды қамту деңгейін алдағы 3 жылда 100%-ға жеткізу жоспарлануда.

4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жаңғырту

Облысымыз бойынша 87 214 адам пәтер алу кезегінде тұр.

 

Кезекте тұрғандардың мәселесін шешу мақсатында біз жылына түрлі қаржы көздерін, оның ішінде мемлекеттік жеке меншік әріптестік механизмын пайдалана отырып, жылына 1 млн-нан кем емес шаршы метр тұрғын үйді тапсыруды жоспарлап отырмыз.

Жыл басынан 206 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді(республикадағы үлесі – 5,7%, 5 орында).

Жалпы ағымдағы жылы бағдарлама аясында көлемі 700 мың шаршы метрді құрайтын 8 052 пәтер пайдалануға беріледі.

Анықтама:

- Кредиттік тұрғын үй – жалпы ауданы 46,5 мың ш.м. құрайтын 734 пәтер;

- Арендалық тұрғын үй – жалпы ауданы 277,0 мың ш.м. құрайтын 4497 пәтер;

- Коммерциялық тұрғын үй – жалпы ауданы 67,0 мың ш.м. құрайтын 758 пәтер;

- Жеке тұрғын үй – жалпы ауданы 309,5 мың ш.м. құрайтын 2063 пәтер.


 

Облысымызда 172 мың адам жер телемі кезегінде тұр. 2021 жылға дейін25 736 учаскі жеке тұрғын үй салуға инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамсыз етіледі.

 

Үшінші басымдық: Макроэкономикалық тұрақтылық.

Ағымдағы жылдың 3 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 183 млрд. теңгені құрап, 4,8% артты (республикадағы үлесі - 3,4%, үлесі бойынша 9 орында, өткен жылдың сәйкес кезеңіне өсімі бойынша - 10 орында).

 


Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 64,4 млрд. теңгені құрап,2,2% артты (республикадағы үлесі - 18,2%, үлесі бойынша 1 орында, өсімі бойынша - 8 орында).


Облысқа бағытталған инвестиция көлемі 2 есеге, құрылыс жұмыстарының көлемі 3,3% артты (республикадағы үлесі – 6,4%, үлесі бойынша 5 орында, өсімі бойынша - 1 орында).

Салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу

2017 жылдың 3 айында мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа түсімдердің көлемі 72,3 млрд. теңгені құрап, жоспардан 12,4%, өткен жылдың тиісті кезеңінен 12,3% артты. Жергілікті бюджетке 27,4 млрд. теңге түсіп, жоспардан 14,4және өткен жылдың тиісті кезеңінен 7,3%артты.

 

Төртінші басымдық: Адами капитал сапасын жақсарту.

Біздің облысымызда бұл басымдықты жүзеге асырудың басты жолдары– өңіріміздегі халықтың орналасу тығыздығын еске ала отырып, адами капиталдың сапасын арттыру; ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту мүмкіндіктерін толығынан пайдалану; туризм саласын дамытып, қосымша жұмыс орындарын ашу (халық саны - 2882 мың адам, республикадағы үлесі - 16%).

Білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру

Облысымыз демографиялық өсім жағынан республикада алдыңғы қатарда тұр, соңғы үш жылда мектептердегі оқушылар саны жыл сайын шамамен 30 мыңға артуда.

Осы өсімге байланысты алдағы 4 жылда 205 жаңа мектеп құрылысын салу жоспарланды.

Облысымызда 1028 жалпы орта мектепте 611 318 оқушы білім алуда, бұл республика бойынша оқушылардың әрбір бесіншісі (21,4%).(Республикада - 2 859 012 оқушы).

Биылғы жылы 11 сыныпты 32 964 оқушы бітіреді. (Оның ішінде - 24840 қазақ, 2852 орыс). ҰБТ-ге қатысушылар саны 21 747 оқушы, яғни 78,5%құрап, бұл көрсеткіш бойыша облысымыз республикалық деңгейде 5,2 %-ға жоғары болмақ. (2016 жылы-73,2%; республика бойынша - 67,2%; өткен жылы ҰБТ-дің орта балы - 77,7 (республикада-82 балл).

3-6 жастағы балалардың 85,1 % балабақшамен қамтылып (2016 жылы - 84,6%), облыста 1 666 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді. (2016 жылы - 127 ашылған, оның 118-і жекеменшік)(Өлкемізде 901 жекеменшік балабақша бар, яғни ол республикамыздағы балабақшалардың 37,3пайызын құрайды (республикада жекеменшік балабақшалар саны - 2413).

Астана қаласында өткізілген «World Skills Kazakhstan» Ұлттық Чемпионатында біздің облысымыздан 9 мамандық бойынша колледж студенттері сайысқа түсіп, 1 алтын, 5 күміс медаль иегерлері атанды.

Жаңа 2017-2018 оқу жылынан бастап мектеп бітіруші түлектеріміз біліммен қатар, өзіне ұнаған бір жұмысшы мамандығын иеленеді. Бұл өз кезегінде жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешуде өз септігін тигізетін болады.

Сонымен қатар, 2014 жылы «Серпін-2050» жобасы бастау алып, Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарындағы жоғары оқу орындарына және кәсіптік колледждерде білім алуға жалпы 3 жылда облысымыздан 5 627 жас оқуға түсті.

 

Денсаулық сақтау жүйесінің өзгеруі

Облысымызда денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштердің жақсаруы байқалады. Әлеуметтік маңызы бар онкологиялық (ОҚО - 53,5; ҚР - 88,7) және туберкулез (ОҚО - 2,5; ҚР - 2,9) ауруларының өлім-жітім көрсеткіші Республикада ең төмен көрсеткішті құрап, жыл сайын тұрақты төмендеуде.

Жаңа технологияларды ендіру жұмыстары жалғастыруда: туа біткен жүрек ақауы бар 535 балаларға оталар жасалынса, оның ішінде 207-і«ашық жүректе».

Ағзаларды алмастыру операциялары да жалғасын табуда, жалпы 82бүйректі және 8 бауырды алмастыру оталары жасалынды. 2017 жылдан бастап «қайтыс болған донордан» ағза алмастыру жолға қойылды (2 бүйрек алмастыру отасы жасалынды).

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау саласында соңғы 5 жылда205 нысанның құрылысы жүргізілді. 2017 жылы 34 нысанның құрылысы және мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында нысан іске асырылуда.

 

Жуырда жарық көрген Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы Үшінші жаңғыру мақсаттарын тереңдетіп, дамуымыздың тура жолдарын анықтап берді.

Оңтүстік Қазақстанда республика бойынша тарихи-мәдени ескерткіштердің 80 пайыздан астамы орналасқан.

Түркістан қаласын тарихи-мәдени және туристік орталық ретінде дамыту мақсатында «Көне Түркістан» жобасы әзірленіп, ЮНЕСКО-ның келісімімен жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылы Түркістан қаласына келушілер санын 1,5 млн. адамға жеткізу жоспарланып отыр.

Шардара ауданында жаға-жай туризмін дамыту мақсатында 500 жұмыс орнын құру және жаз мезгілінде 150 мың адамға қызмет көрсету жоспарланып отыр.

 

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде облыс әкімдігімен өңірлік туристік ұйымдармен бірлесе Көрме қонақтарына арналған туристік маршруттар әзірленді.

Маршруттардың бойындағы инфрақұрылымды жетілдірумақсатында бүгінде жол көрсеткіштердің бірыңғай дизайны әзірленіп, маршруттардың бойында орналастырылуда. Туристік нысандардың айналасын санитарлық талаптарға сәйкестендіру бойынша қажетті шаралар қолданылуда.

«Ханқорған», «Сайрам», «Ескі шаһар, Шымкент», «Күлтөбе», «Көне Түркістан», «Оқсыз» арнайы бағыттамалары ашылған жағдайда көптеген жұмыс орындары ашылып, салық көбейіп, туристік сауда түрлері дамиды.

 

 

 

Бесінші басымдық: Институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күрес.

 

Селолық округтерінің дербес бюджеттерін енгізу өзекті мәселелерді шешуге нақты қаржылай және материалдық ресурстарымен, сондай-ақ, халық рөлін арттыруды қамтамасыз етуге жол береді.

Осыған орай, 2018 жылдан бастап 175 әкімдікте дербес бюджетін енгізу жоспарланған. (Бүгінгі таңда облыста 14 аудан, қалалар бойынша әкімдіктер бар; мемлекеттік қызметшілердің саны 1716 штаттық бірлік).

Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету

Облыс әкімдігі жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия құрылып, оның арнайы отырыстарында жемқорлыққа байланысты мәселелер қаралып, тиісті органдарға тапсырмалар берілді.

Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтау мақсатында, азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдарға талдау облыс әкімдігі тарапынан тұрақты жүргізіледі.

«Нұр Отан» партиясы Партиялық бақылау комиссиясы мен филиал жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңес тарапынан мемлекеттік органдардың басшыларының есебін тыңдау бойынша 2017 жылдың алғашқы 3 айында барлығы 27 отырысы өткізілді. 35 ұсыныстар беріліп, бүгінгі күнге 24 орындалып, 11 ұсыныс бақылауда тұр.

Анықтама:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында:

  • Жастар арасында «Сыбайлас жемқорлық зардаптары» пікірталасы,«Таза сессия»«Қылмыссыз қоғам» атты акциялар мен семинар-тренингтер өткізілді.

  • Бұқаралық ақпарат құралдарында «Жемқорлық – індет», «Жемқорлық», «Сыбайлас жемқорлықты мемлекет таңдамайды», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес жалпыға ортақ іс», «Сыбайластыққа қарсы іс-қимыл» тақырыптарындағы айдарларда жыл басынан 500 жуық материал жарияланды.

  • Ағымдағы жылғы наурыз айынан басталған «Есіктен есікке»бағдарламасы аясында бүгінгі күні облыс аумағында 38 ақпараттық билбордтар орнатылды.

Азаматтарды жедел қабылдау мақсатында «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ құрылыды.

«Парасыз болашаққа. Бірге!» акция барысында:

  • Жалпы 577 адам қатысты.

  • 10 әр түрлі арыздар мен ұсыныстар түсті

  • 15 БАҚ-да жария көрді

  • 1000-нан астам плакаттар мен ақпараттық материалдар таратылды


 


Облысымызда осы атқарылатын жұмыстардың барлығы Елбасының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру арқылы мемлекетіміздің әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің қатарынан орын алатынына кәміл сенеміз.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ