Тұрғындардың өтініштерін тыңдады

"Нұр Отан" партиясы Кентау қалалық филиалында қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев қала тұрғындарын жеке мәселелермен қабылдады. Қоғамдық қабылдауға қала әкімінің орынбасарлары, құрылымдық бөлім басшылары, қалалық мәслихат депутаттары, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Алғаш болып қабылдауға кірген А.Тойчиева тұрақты жұмысқа орналасу үшін көмек сұрады. Драма театр және кино актеры, эстрада әншісі мамандығын меңгерген Айнұр Түркістан қаласынан қоныс аударған. Бүгінде Кентау қаласында тұрып жатыр.

Ал, №74 орам №3 көше тұрғындарының атынан келген Қ.Танкишев жол, жарықтандыру, кәріз жүйесіне қосылу мәселелерін сөз етті. Абай даңғылы №6 үй тұрғындары атынан келген Ж.Орынбасарова тұрғын үйлерінің шатырына күрделі жөндеудің қажеттігін айтты. Н.Братухина жеріне мемлекеттік акт алуға көмек сұраса, Э.Финтисова Шоқтас саяжайындағы жерін заңдастырып беруін өтінді.

Мәселелерді мұқият тыңдаған қала басшысы тұрғындар айтқан жайттарды назар алатындығын жеткізді. Кейбір мәселелердің шешілу жолдарын заң жүзінде түсіндіріп берді.

Мүмкіндігіне қарай көмек те жасалды.

Қабылдауда көтерілген мәселелерді шешу бойынша қала әкімі, қалалық филиал төрағасы Ә.Мақұлбаев тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.


© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ