Жолдау жарқын болашаққа бастайды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік тұрақты комитетінің төрағасы Асқар Бейсенбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев Кентау трансформатор зауытының ұжымымен кездесті. Оған қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев, қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев және зауыт басшылары қатысты.

Сенаторлар Елбасының билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы Үндеуі мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауындағы басымдықтарды кең көлемде түсіндірді. Жолдаудың негізгі басымдықтары туралы жан-жақты баяндады.

- Елбасының жолдауы ерекше. Тарихтың жаңа дамуын белгілейтін жолдау болып отыр. Бұған дейін Қазақстан жаңару, даму кезеңдерін бастан өткерді. Бүгiнгi әлемнiң өзгеруiне себеп, Елбасы айтқандай, төртiншi технологиялық төңкерiс. Цифрлық технологиялардың мұншалықты жылдам дамуы жер бетiнде жаңа әлем орнатады. Бүгiн қай ел жаңа технологияларды жасап шығарып, оны барынша тез меңгерiп, қоғамдық өмiрi мен экономикасына енгiзе алса, ертеңгi жаңа әлемде сол көшбасшы атанады, - деген Асқар Асанұлы Елбасы Жолдауындағы бес басымдық бойынша тереңінен түсіндірді.

Жарыссөзге шыққан «Кентау трансформатор зауыты» АҚ бас директоры, облыстық мәслихат депутаты Серғазы Күнтуаров жаңа мiндеттер жүктеген Жолдауда алға қойылған мiндеттердi орындауға Кентау трансформатор зауыты қазiрдiң өзiнде кiрiсiп кеткендігін жеткізді. Зауыттың бас құрастырушысы Әділбек Тәжібаев мемлекет басшысының әрбір жолдауы жарқын болашаққа жол ашатындығын айтып, қолдайтындығын білдірді.

Кездесу барысында зауыт жұмысшылары өз сұрақтарына нақты жауаптар алды.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ