Алтын құрсақты аналар ардақталды

8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесінің қарсаңында көп балалы аналарға алтын және күміс алқалар тапсырылды.

Аналар мен аруларды мерекемен құттықтаған қала әкімі Ә.Мақұлбаев, аналар үлкен құрмет қошеметке әбден лайық екендігін айтып өтті. - «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші колымен әлемді тебетеді» - деген халқымызда қанатты сөз бар. Бұл сөздің фәлсапасына үңілер болсақ, біздің ұлтымыздың менталитетінде әйел ананың, ақ жаулықты әжелеріміздің, өскелең қыз-келіншектеріміздің алар орны ерекше екенінін түсінуге болады, - деген Әбдібақыт Тілләбайұлы көп балалы аналарға алтын және күміс алқалар тақты.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ