Аналарға құрмет көрсетті

Кентау қаласының әкімі Ә.Мақұлбаев пен қалалық мәслихат хатшысы Т.Балабиев және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы И.Жұмабаев 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай қаладағы ең жасы үлкен аналардың шаңырағында болып, облыс әкімі Ж.Түймебаевтың құттықтауын тапсырды.

Атап айтар болсақ, Ұлы Отан соғысының ардагері Нина Андреева мен жасы 100-ге толған Нұркамал Сәрсекееваны құттықтады. Аналарға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етті. Бір ғасырдың куәгері болып отырған Нұркамал әже еліміздің тыныштығын, Елбасымыздың амандығын тілеп, бата берді.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ