Көркем гимнастикадан фестиваль өтті

Кентау қаласында Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында 8-наурыз күні көркем гимнастикадан фестиваль өтті. Аталмыш жиынға ОҚО көркем гимнастикасы федерациясының директоры М.П.Шаназаров қонақта болды. Алғы сөзді алған қала әкімінің орынбасары Р.Мыңбаев Кентау қаласының көркем гимнастикасы федерациясының президенті Е.Подхлебнаяға қала әкімінің алғыс хатын тапсырып, жас спортшыларға сәттілік жолдады.

Облыс орталығынан келген қонақ М.П.Шаназаров Қазақстанның спорт шебері Әлия Юсупованың Кентау қаласына арнаған құттықтау хатын тапсырды. Қалада көркем гимнастика үш жылдан бері қолға алынып күннен күнге қатысушылардың да саны артып келеді. Фестивальде жас спортшылар түрлі өнерлерін ортаға салып көрермендерге көңілді кеш сыйлады. Айта кетейік, көркем гимнастика – спорттың бір түрі; музыка сазымен арнаулы затпен (лента, доп, шеңбер, т.б.) немесе затсыз гимнастикалық жаттығулар комбинациялары орындалатын қыздар арасындағы жарыс. Көркем гимнастика шұғылданушылардың дене сұлулығын қалыптастырып, эстетикалық тәрбие береді.

Онда толқынды, серіппелі қозғалыс, иіліп, бұралу, денені тік ұстау, би өнеріне тән жүріс, жүгіріс, секіру, халықтық би мен шалқыма би басым келеді.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ