Жастарға үлкен жағдай жасалуда

ОҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова Кентау қаласында арнайы іс-сапармен болды. "Жеті-Жарғы" сүт цехында, Хантағы ауылы әкімдігінің Жастар шығармашылық үйінде болған Балмаржан Полатқызы жастармен және мекеме қызметкерлерімен кездесті. Қалалық Жастарға қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Жастар саясатын жүзеге асыру барысында ауыл жастарына беріліп жатқан жаңа мүмкіндіктер мен жастардың өзекті мәселелері туралы ой-пікір алмасты. Ауыл, қала жастарына арнайы қабылданып жатқан мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалану қажеттігін түсіндірді.

ОҚО арнаулы колледжі мен ОҚО девиантты мектепте болып жастармен сұхбаттасып ұсыныстарын тыңдады.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ