Қарнақ ауылының жұмысымен танысты


ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев Қарнақ ауылына іс-сапармен келді.

Ауылдағы жөндеуден өткен ішкі жолдардың жұмысымен, «Эрмат ата» шаруа қожалығының жылыжай кешінімен танысты, «Жауқазын» балабақшасында болды. «Қарнақ» жалпы орта мектебінде ауыл тұрғындарымен кездесіп, Парламент Мәжілісінде атқарылып жатқан істер мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел халқына жолдаған жолдаулары негізінде іске асып жатқан жұмыстар жөнінде кең көлемде мәлімет берді.

Ел бірілігі, ұлттар татуластығы - еліміздің баға жетпес байлығы екендігін жеткізіп, көпшілікті бұл бағытта нәтижелі жұмыс атқаруға шақырды.

Ауылдың гүлденуі - елдің гүлденуі екендігін жеткізіп, ауланы, жолдарды таза ұстау қажеттігін айтты.

Кездесуде көпшілік тарапынан қойылған сұрақтарға кең көлемді жауап берген халық қалаулысы ұсыныстардың ескерілетіндігін жеткізді.

Жиынды қорытындылған қала басшысы Парламент Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаевқа алғыс айтты. 

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ