Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

Кентау қаласының әкімі Ә.Мақұлбаев қалаға қарасты Қарнақ және Ащысай ауылының тұрғындарымен кездесті. Ауыл әкімдері аймақта атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды. Тұрғындар тарапынан әлеуметтік мәселелер жайында ұсыныстар мен сауалдар жолданып, қанағаттанарлық жауаптар берілді. Ауыл тұрғындары тек жыл басынан бергі жұмыстар ғана емес, жалпы соңғы 3 жылда ауыл тіршілігінде мол өзгерістер бар екенін атап өтіп, қала әкіміне ризашылықтарын жеткізді. "Мемлекеттік бағдарламалардың шарапатын ауыл тұрғындары көруі қажет" деген қала әкімі, бағдарламалардың нәтижесінде кәсіп ашып, игілігін көріп отырған ауыл тұрғындарының жұмыстарымен танысты.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ