Кентауда көпқабатты 2 тұрғын үйдің құрылысы басталды

Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қаласында 5 қабатты екi тұрғын үйдiң монтаждау жұмыстары басталды. Тұрғын үйлердегi пәтер саны - 60. Оның iшiнде бiр бөлмелi - 10, екi бөлмелi - 20 және үш бөлмелi 30 пәтер бар.

Кентау қалалық құрылыс бөлiмiнің тапсырысы бойынша тұрғын үй құрылысын жүргiзу үшiн мемлекеттiк сатып алу электронды конкурс нәтижесi бойынша «Стройсервис-XXI» ЖШС-i жеңiмпаз атанған. Қазiргi таңда аталған екi нысанда уақытша ғимараттар орнату, қоршау, котлован қазу жұмыстары жалғасып жатыр. Биылдың өзiнде қос нысанға 200 млн. теңге бөлiнiп, құрылыс жұмыстарын аяқтау 2018 жылға белгiленiп отыр. Аталған нысандар «Өңiрлердi дамыту-2020» мемлекеттiк бағдарламасы аясында бой көтеретiн болады.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ