Сенатор халықпен кездесті

Кентау қаласына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев іс-сапармен келіп, қала тұрғындарымен кездесті.

Жиынға қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев, қалалық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Дархан Серікбаев және қалалық ардагерлер кеңесі мен ақсақалдар алқасының мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары және қала тұрғындары қатысты. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа жолдаған жолдауы мен экономикалық жаңғыру аясында жасалып жатқан жұмыстарды кең көлемде түсіндіріп өтті және Парламент Сенатында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. - Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында Елбасы Үндеу жолдап, нақты тапсырмалар жүктеді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы, мұнан соң «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялап, ұлттық кодымыз бен ұлттық болмысымызды, ұлттық санамызды жаңғырту бойынша міндеттер белгіледі. Бұл бағытта атқарылып жатқан және алдағы уақытта атқарылар шаруалар көптеп саналады, - деді Әли Әбдікәрімұлы. Кездесу соңында қала әкімі Ә.Мақұлбаев барша кентаулықтардың атынан Әли Әбдікерімұлына алғыс айтып, «Қала жанашыры» төсбелгісін табыс етті.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ