Алғашқы қоңырау соғылды

1-қыркүйек күні еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылып, салтанатты жиындар ұйымдастырылды. Қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев қалаға қарасты Хантағы ауылындағы А.С.Пушкин атындағы №6 жалпы орта мектебінде болып, оқушылар мен ұстаздар қауымын білім күнімен құттықтады. Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бірінші сынып оқушыларына арналған оқулығын табыстап, жақсы оқуға шақырды, білім саласының қызметкерлерінің еңбегіне табыс тіледі. Оқушылар әсем әндер орындап, тақпақтар айтып көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Мектеп табалдырығынан аттаған жеткіншектер алғашқы қоңырау соғып, білім күнінің басталғандығынан белгі берді.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ