Батыстан келген делегация Кентау трансформатор зауытымен танысты

Өңiраралық қарым-қатынасты дамыту мақсатында Батыс Қазақстан облысынан Оңтүстік өңіріне арнайы келген делегация Кентау трансформатор зауытының жұмысымен танысты. Батыс Қазақстан мен Оңтүстiк Қазақстан облыстары арасындағы iскерлiк, экономикалық қарым-қатынасты дамыта түсуге ықпал ететiн жобалар аз емес. Мысалы, Кентау трансформатор зауыты мен оралдық «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» кәсiпорны арасында әрiптестiк нығая түссе, екi өңiрдiң де әлеуметтiк-экономикалық дамуына қарқын қосылары анық. Зауыт цехтарын аралап көріп, трансформаторлардың құрасытырылу барысын көрді. «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» және «Кентау трансформатор зауыты» АҚ арасында отандық трансформаторларды жеткізу бойынша жасалған Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. - Бұл меморандум - біздің әріптестігімізді арттыра түседі. Бізге үлкен сенім білдіргені үшін БҚО және ОҚО әкімдігі мен «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» кәсiпорны басшылығына алғысымызды айтамыз. Кентау трансформатор зауытының өнімдері заман талаптарына толыққанды жауап береді. Себебі мұнда жоғары деңгейлі инженерлер жұмыс істеуде. Біздің басты мақсат - отандық сапалы тауар өндіру, - деді «Alageum electric» ХК басқару кеңесінің төрағасы Сейдулла Қожабаев. 
.
© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ