Депутаттар құрылыс барысын бақылады

Қалалық мәслихат депутаттары Кентау қаласындағы күрделі жөндеу, қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіліп жатқан нысандардың құрылысына қадағалау жүргізді. Атап айтар болсақ, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан С.Қожанов атындағы саябақта, орталық бассейнде, Қ.Құралбаев атындағы орталық стадионда, Ш.Қанайұлы атындағы №2 жалпы орта мектебінде болған халық қалаулылары біршама кемшіліктерді анықтады. Мәселен, саябақ ішіндегі салынып жатқан тас төсеуіштер отырғызылатын негізіне тас аралас өзен құмы салынуда, ол өз кезегінде нөсерлі жауын шашын кезінде шайылып кету қауіпі бар екендігін ескертті. Сондай-ақ, жобалық сметалық құжаттамада саябақтың ішінде шеңбер пішінді фонтан берілгендігін айтты. Ал, қазіргі таңда тік бұрышты фонтан салынуда. Қ.Құралбаев атындағы орталық стадиондағы құрылыста жұмысшылардың техникалық қауіпсіздік сақтау ережесі сақталмаған. Яғни, жұмысшылар арнайы киімдерсіз жұмыс жасауда. Кемшіліктер бойынша мердігер мекеме өкілдеріне ескерту жасаған депутаттар жұмыстың сапалы, әрі уақытылы атқарылуы қажеттігін ескертті..
 
© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ