Жеке мәселелермен қабылдады

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қала әкімінің орынбасары Нұржан Ташимов жеке қабылдауға жазылған қала тұрғындарын қабылдады. Қабылдауда қала тұрғыны Роза Тойлыбаева тұрғын үй кезегіне тұруға және ұлының тұрақты жұмысқа орналасуына көмек сұрады. Ал, Серікгүл Момбекова әлеуметтік жағдайының төмен болуына байланысты мектеп жасындағы балаларын мектепке дайындауға қаржылай көмек беруін өтінді. Дана Айтбаева ұлын мүгедектікке шығаруға көмектесуін сұраса, Сардар Атаев Ш.Қанайұлы көшесіне өз күштерімен тас төгуге көршілері рұқсат бермей отырғандығын жеткізді. Мәселелермен мұқият танысқан Нұржан Полатұлы қабылдауға келген тұрғындардың өтініштерінің шешілу барысын заң жүзінде түсіндірді. Сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, мәселелерді оңтайлы түрде шешу қажеттігін айтты. Қабылдау барысында отбасылық жағдайына байланысты қыстық ағаш-отынмен көмектесуді сұраған Қадиша Жүсіпова мен Дүйсенкүл Нұсқабаеваның өтініші сол арада орындалды. Қуанышқа кенелген олар қала басшылары мен сала мамандарына алғыстарын айтты.
© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ