Оңтүстік өңірінің киелі жерлері мен туризм айшықтары

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясындағы "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" мен "Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаҺандық әлемде" жобаларын іске асыру мақсатында "Оңтүстік өңірінің киелі жерлері мен туризм айшықтары" тақырыбында аймақтық дөңгелек үстел өтті. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастырған шараға жастар, қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі, ішкі саясат қызметкерлері, қаладағы білім беру мекемелерінің тарих пәнінің мұғалімдері мен мектеп кітапханашылары және қоғамдық ұйым төрағалары мен төрайымдары қатысты. Көпшілік Түркістан мәдени-этнографиялық мұражайының көрмесімен танысты. Көне кітаптар мен бұрындары ата-бабаларымыз қолданған бұйымдарды көріп, кең көлемде мәлімет алды. Ал дөңгелек үстелде Түркістан мәдени-этнографиялық мұражайының жалпы экскурсия бөлімінің меңгерушісі Омар Жексенбаев Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде өткізіліп отырған шараның мақсаты мен міндетін айтып өтті. №3 Кентау білім инновациялық ер балалар лицейінің тарих пәні мұғалімі Құралай Әпет "Көне тарихтың куәсі: Оңтүстіктің киелі орындары" атты тақырыпта баяндама жасады. Кентауда туризмді дамыту үшін қолға алыну керек жобаларды түсіндіріп, ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ, жастар ресурстық орталығының инспекторы Махаббат Мамуджанованың "Қасиетке толы киелі жерлер - Оңтүстік жастары көзімен", қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің бас маманы Ержан Мырзатайдың "Туризмді түлету - туған жерді гүл ету", Кентау қалалық мешітінің бас имамы Ғалымжан Айекеевтің "Киелі жерлерде ғибадат еткен дұрыс па?" атты тақырыбындағы баяндамалары тыңдалды. Көпшілік тақырыпты кең көлемде талқылап, рухани жаңғыру аясында өз ұсыныстарын білдірді. Дөңгелек үстелді қорытындылаған қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлнар Кокулова көпшілікке үлкен алғысын білдірді.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ