Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметін көрсететін кабинет ашылды

Кентау қаласында әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметін көрсететін кабинет ашылды. Мұнда психолог, теолог, әлеуметтік қызметкер тұрғындарға тегін кеңестер береді. Салтанатты шараға қатысқан қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев, ҚР Бас прокурорының көмекшісі, «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасының жетекшісі Салтанат Тұрсынбекова арнайы қатысып, іс-шараның маңыздылығы мен жобаның жүзеге асу барысымен таныстырды. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабаев отбасы құндылықтары бойынша кең көлемде әңгімеледі. Қонақтар Жастар орталығының және әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметін көрсететін кабинеттің жұмысымен танысты. Қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев пен жоба жетекшісі Салтанат Пархатқызы Кентау трансформатор зауытының ұжымымен және Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында қала тұрғындарымен кездесіп, жобаны кең көлемде түсіндірді.
 
© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ