Денсаулық фестивалі-2017

Ынтымақ алаңында "Денсаулық фестивалі" ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетіліп, көптеген кеңестер берілді. Сонымен қатар жастардың жаппай жүгіру акциясы ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Акция аясында мүмкіндігі шектеулі жастар және ардагер спортшылар арасында "Кедергісіз болашақ" ұранымен "Нұр Отан" партиясы Кентау қалалық филиалының, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің және қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен шахматтан қала біріншілігі өтті. Тартысты да, қызықты өткен жарысқа белсенді қатысқан ойыншылар арнайы дипломдармен марапатталды. Жүлделі орыннан көрінген ойыншылар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтарға ие болды.



 

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ