Мемлекеттік қызметкер және әлеуметтік желіні тиімді пайдалану

Жастарға қызмет көрсету орталығының ғимаратында "Медиакратия" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметкер және әлеуметтік желіні тиімді пайдалану» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинарға қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев, қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев және дербес бөлім басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер, қала жастары қатысты. Жиында аталған қоғамдық бірлестіктің төрағасы Ғалымжан Елшібай, ұстаз, блогер Өмір Шыныбекұлы, "Жас Алаш" газеті бас редакторының бірінші орынбасары Оралхан Дәуіт, белгілі публицист, "Алматы ақшамы" газетінен Сәкен Сыбанбай, республикалық "Фото-өнер" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқытушысы Асылхан Әбдірайымұлы, "Егемен Қазақстан" газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Ержан Бәйтілес, блогерлер Асхат Шотаев және Нұршат Төкен қонақта болып әлеуметтік желінің тиімділігі мен кері әсері жайында ойларын ортаға салды. Мемлекеттік қызметшілермен пікір алмасты. Мемлекеттік қызметшілердің қоғамдағы рөлі мен әдеп кодексінде көрсетілген міндеттемелер жайында ҚР мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ғани Асанұлы сөз алып, ойларымен бөлісті, кеңестерін айтты. Кентау қаласының мемлекеттік қызметшілер тарапынан берілген ұсыныстарды түртіп алып, тиісті шешімдер жасалынатынын атап өтті.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ