"Жүрегім толы мейірім" қайырымдылық шарасы өтті

Кентау қалалық Жастарға қызмет көрсету орталығында "Жүрегім толы мейірім" атты қайырымдылық шарасы өтті. Іс-шара облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының "Көкейдегі бар әлем" жобасы аясында жүзеге асып отыр. Жиында қала әкімінің орынбасары Рашид Мыңбаев, қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев, "Нұр Отан" партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сағынбек Асылбеков іс шараның маңызын түсіндіріп өтті. Мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдау, мүмкіндігі шектеулі жастардың өмірге құштарлығын ояту және жастардың өз кәсібін ашуға мүмкіндік жасау мақсатында "ZhasDrive" жобасы жарияланды. Жиын соңында жастар ән айтып, би билеп көтеріңкі көңіл күймен тарқады..

 

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ