Қарттарым - асыл қазынам

Қарттар күніне орай Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Рита Қожабекова қаладағы бірқатар қарттарымыздың шаңырақтарында болып, мерекемен құттықтады. Арнайы сыйлықтар беріп, қариялар мен ақ жаулықты аналардың көңілдеріне қуаныш сыйлады. Сондай-ақ, бөлім қызметкерлері «ОҚО бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының" №5 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мекемесіндегі қариялардың хал жағдайларын сұрап, мерекелік сыйлықтар табыстады.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ