Мерекемен құттықтады

"Нұр Отан" партиясы Кентау қалалық филиалында ұлағатты ұстаздардың кәсіби мерекесіне арналған жиын болып өтті. Онда партия филиалының консультанты Бейсен Сәмбетов партия төрағасының атынан мұғалімдерді мерекемен құттықтады. - Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында - «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» атап өткен болатын. Кентау қаласы биылғы жылыда Ұлттық біріңғай тестен Республика бойынша үздіктер қатарында. Тәуелсіздік жылдарында қаламызда білім саласына қыруар қаржы бөлініп, 4 жаңа мектеп, балабақшалар салынып, 9 мектепке күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, көпсалалы колледжімізде жастарға арналған студенттер жатақханасы салынбақ. Осындай жұмыстар қаламызда жалғасын табады деп сенеміз. Осының барлығы Елбасымыз, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясаты, дана басшылығының арқасында жүзеге асып жатқан игілікті істер - деп атап өтті. Ұстаздар қауымын, мәслихат депутаты, фракция мүшесі, Әбдінәби Розыбаев қалалық мәслихаттағы "Нұр Отан" партиясының депутаттық фракциясының және өз атынан құттықтап, жылы лебізін білдірді. Партияның қалалық филиалының атынан партия белсенділеріне, бір топ ұстаздарға "Алғыс хаттар" табысталды.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ