Кентаудың өз футбол мектебі бар

Кентау қаласында «Футбол мектебі» ашылды. Онда қала жастары мен жасөспірімдері футболдың түрлі тәсілдерін үйреніп, кәсіби футболшы болуға мүмкіндік жасалды. Салтанатты жиынға қатысқан көпшілік жасөспірімдер арасында өткен турнирді тамашалады. Онда финалға шыққан Кентау қаласы мен Қазығұрт ауданының жеткіншектері тартысты ойын көрсетті. Нәтижесінде қазығұрттықтар пеналтиде жерлестеріміздің қақпасына 2 доп салып жеңімпаз атанды. Іс-шарада қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев пен қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев жаңадан жұмысын бастап отырған ұжымның еңбегіне үлкен жеміс тіледі. Жеңімпаз командаларға кубок пен арнайы медальдарды табыс етті.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ