Қала әкімдігінің кеңейтілген мәжілісі өтті

Қала әкімі Ә.Мақұлбаевтың төрағалығымен Кентау қаласы әкімдігінің кеңейтілген мәжілісі өтті. Қала әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері мен сала басшыларының қатысуымен өткен жиынның күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Яғни, Кентау қаласы бойынша 2017-2018 жылдардың жылу беру маусымына дайындық пен "Өңірлерді дамыту-2020" бағдарламасы бойынша тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту тетігі аясында жұмыстардың орындалу барысы кең көлемде талқыланды.

«Алдағы қысқы маусымға дайынбыз» - деген, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Қ.Төлепбергенов жылу маусымына дайындық пен қатты және сұйық отындардың жеткізілуі жайын баян етті. Қала басшысы күнде құбылып тұрған ауа-райы күрт суып кеткен жағдайда жылуды қосуға дайын болу керектігін ескертті. Ал күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша қалалық тұрғын-үй инспекциясының басшысы Т.Сүлейменов баяндады. Жөндеу жұмыстарынан өтіп жатқан тұрғын үйлердегі құрылыстың сапалы атқарылуы керектігін айтқан қала басшысы қауіпсіздік жағдайларын да басты назарда ұстау керектігін ескертті. Берілген тапсырмалар өз уақытында және дер кезінде орындалу қажеттігін атап өтті.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ