Құқықбұзушылыққа жол жоқ!

Кентау қалалық соты және қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі арасындағы екі жақты меморандум аясында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жастарға насихаттау және жастар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында жастарға құқықтық кеңес беру жиыны өтті.

Қалалық жастар ресурстық орталығында ұйымдастырылған шараға Кентау қалалық сотының төрағасы Е.Сералиев, қала прокуротурасының прокуроры Ж.Қуаныш, қалалық ішкі істер бөлімінің кəмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлім басшысы Ж.Ахметов студент және оқушы жастармен кездесті. Кездесуде құқықбұзушылық статистикасы, Қазақстан Республикасындағы құқықтық нормалар мен заңдары туралы, құқықбұзушылық үшін жауапкершілік туралы мәліметтер берілді. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға да кең көлемде жауап берген құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ұсыныс-пікірлердің де ескерілетіндігін жеткізді. Жиынды қорытындылаған Жастар ресурстық орталығының директоры Қанат Бекметов жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мен болдырмау мақсатында көпшілікті қоғам болып жұмыс жасауға шақырды.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ