Бейбітшілік пен ынтымағы жарасқан елміз

18-қазан рухани келісім күніне орай қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Рухани келісім - ел дамуының кепілі" атты жиын өтті. Кездесуге қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев, қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев, ОҚО өкіл имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров және қала аумағындағы дін өкілдері қатысты.

Рухани келісім күнінің маңыздылығын атап өткен қала басшысы, бүгінде қазақ елінде бейбітшілік пен ынтымақ үстемдік құрып отырғандығын жеткізді. Рухани тұрғыда келісімді сақтай отырып, еліміздің өркендеуіне үлес қосу ерекше міндет екендігіне тоқталды. Кездесуде қала әкімі дін өкілдерін алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапаттады. Ашық әңгіме барысында ОҚО өкіл имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров "қазақ елі ынтымағы жарасқан, берекесі тасыған ел болсын" - деген тілегін жеткізді.




© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ