Жақсы дәстүр - отбасының тірегі

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы және облыстың «Той өткізу және ас беру мәселелерін насихаттау туралы медиа-жоспарын» кеңінен насихаттау мақсатында Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында «Жақсы дәстүр - отбасының тірегі» атты іс-шара өтті.
Салт-дәстүрлер мен иман байлығы, отан мен отбасы мәртебесінің киелілігін кеңінен насихаттау мақсатында мәдениет сарайының фойесінде «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Қазақ халқының ою-өрнектері», «Қазақ халқының ұлттық киімдері», «Қазақ халқының отбасылық дәстүрлері» атты кеңейтілген көрме-инсталяциясы ұйымдастырылды. Шымкент қаласынан арнайы келген «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дана Маманова, Халықаралық психолог Гүлсара Малғайдарова имандылық үлгілері және гендерлік көзқарас туралы айтып, тренинг ұйымдастырды. Іс-шара барысында «Қыз ұзату және қыз сыңсуы» атты сахналық көрініс көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, ата-анасынан ерте айрылған 14 баланы асырап алып, қамқорлық танытып отырған алтын жүректі ана Түймегүл Ергешқызының отбасы туралы бейнеролик көрсетіліп, кешке шақырылған кейіпкер сахна төрінде жастарға өз ізгі тілегін білдірді. Сондай жандардың бірі - республикаға танымал, «Алтын жүрек» номинациясының иегері, Кентау қаласының Құрметті азаматы, зейнеткер-дәрігер Ысқақ Жұмашев пен жұбайы Гүлжахан жастарға өз ізгі тілектерін жеткізді. Әжелер алқасының төрайымы Салтанат Атабекқызы бастаған бір топ әжелер де жастарға ақыл кеңестерін айтты.Кешке қатысқандар іс-шара соңында «Тунне» триосының орындауында халық әнін тыңдады.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ