Сыбайлас жемқорлық жоқ ел - өркендеуші ел

«Сыбайлас жемқорлық жоқ ел - өркендеуші ел» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалының консультанты Бейсен Самбетов «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен кездесті.
Жиынды «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» мекемесі директорының орынбасары Шора Жанатаев ашып жүргізіп отырды. Кездесуде «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалының консультанты Б.Самбетов партияның "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасынан" туындайтын мақсат-міндеттерге тоқталды. - Партия бағдарламасының басты мақсаты -сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік ахуалын қалыптастыра отырып, бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту, осыған орай бүгінгі ұйымдастырылған дөңгелек үстелдің де негізгі мақсаты күн тәртібіндегі тақырыпты барынша ашып,алдын-алу шараларына қатысты ой-пікірлер негізінде ұсыныстар әзірлеу, - деді. Ал, мекеме басшысының орынбасары Ш.Жанатаев, жемқорлықтың алдын алу шараларының ішіндегі ең маңыздысы оны тудыратын себептер мен жағдайларды жою екенін, осыған байланысты мемлекет тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетуді толығымен автоматтандыруға өткізу шаралары өте құптарлық жай екенін айтты.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ