Оңтүстіктен Солтүстікке...

Оңтүстiк Қазақстан облысы – халқы тығыз орналасқан, демографиялық потенциалы жоғары аймақ. Бiз үшiн бұл, әрине, мақтаныш. Алайда, мұның да өзiндiк әлеуметтiк қиындықтары барын жасыруға болмас. Жұмыс орнының тапшылығы, орташа жалақы мөлшерiнiң төмендiгi, баспаналы болудың қиындығы... Осылай жалғасып кете бередi. Түйткiлдi шешу үшiн ОҚО халқын жұмыс күшi жетiспейтiн өзге өңiрлерге жiберу туралы мәселе Парламентте көтерiлiп, Үкiметте талқыланды. Мемлекет басшысының өзi бұған ерекше көңiл аударып отыр. Соңғы жылдары Оңтүстiктен жұмысы бар өзге өңiрлерге бiрнеше рет көш кеттi.

Осы орайда Оңтүстік Қазақстан облысынан Павлодар облысына халықтың қоңыс аударуы жөніндегі ынтымақтастық туралы облыс әкімдері арасындағы меморандум түзілген. Меморандумның басты мақсаты - Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын және Кентау қаласы әкімдігі, Кентау қаласы прокуратурасымен бірлескен "Жұмыссыздықпен күрес" бағдарламасы шеңберінде солтүстік аймақтарға, атап айтқанда, Павлодар облысына ерікті түрде қоныс аударуға ынталандыруды арттыру.

Меморандумға сәйкес 2018 жылы Кентау қаласынан қоңыс аударуға ниет білдіргендерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Павлодар облысынан Екібастұз қаласының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Үміт Айтбаева, Екібастұз қаласының Шидерты ауылының әкімі Ардақ Егинбаева, Ертіс ауданы Қарақұдық ауылының әкімі Гульзада Куантаева, Майский ауданы Сатин ауылының әкімі Асет Дюсупов, Ақтоғай ауданы Ауельбек ауылының әкімі Сырым Рушанов қаламызға іссапармен келді.

Елімізде ішкі еңбек миграциясына соңғы жылдары ерекше көңіл бөлініп жатқанын, ал биылғы бастамалар мен нәтижелі іс-шаралардың негізі Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауынан бастау алып отырғанын, басы артық жұмыс күші бар өңірлерден басқа жерлерге, сондай-ақ, ауылдардан қалаларға жұмыс күшін ұтымдылықпен тартуға қолдау көрсету керектігін атап өтті.

Кездесуге қатысқан қонақтар Павлодар облысы бойынша шалғай ауылдар мен аудандардағы бос жұмыс орындарын таныстырды.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ