«Қыс-2017» оқу-жаттығу жиыны өтті

Қалада «Қыс-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Оған Кентау қаласы бойынша төтенше жағдайлар бөлімі, өртке қарсы қызмет, ішкі істер бөлімі, жедел-жәрдем, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және өзге де сала мамандары қатысты.

Ынтымақ алаңында ұйымдастырылған іс-шарада азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы күштер мен құрылымдардың техникалары және жеке құрамның жабдықталуы мен дайындығы жан-жақты тексерілді. Орын алған кемшіліктер де дер кезінде жойылып отырды. Кентау қаласы бойынша төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Бақытжан Абдугапаров азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар техникалары мен жеке құрамның қысқы маусымға дайындығын пысықтады.

- Бұл оқу-жаттығу қыс мезгілінде болатын боран мен бұрқасын кезіндегі және “тілсіз жау” - өрт кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу, коммуналдық шаруашылықтардың қысқа әзірлігін байқау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Қаламыздың төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бағытындағы күштер мен құрылымдары қысқы маусымға толығымен дайын, - деді Б.Абдуллаұлы.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ