Әсем әндердің барлығы да аналарға арналды


Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған "Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды" атты салтанатты іс-шара болып өтті.

Сәні мен салтанаты жарасқан сахнада сөз алған қала әкімінің орынбасары Әбдімәлік Алдамұратов арулар мен аналарды мерекемен құттықтады. Қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев, «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сағынбек Асылбеков жүрекжарды жылы лебіздерін жеткізді.

Іс-шара барысында қаламыздың көркеюіне, өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген белсенді, іскер әйелдер қауымы марапатталды.

Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының өнерпаз жастары әсем әндер орындап, мың бұрала би биледі. Қызықты әзілдерді қойылым арқылы көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Жастары аналар жайында әсем әндер шырқап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

 

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ