Аналар алтыннан алқа тақты



Қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев көп балалы аналарды қабылдап, мерекемен құттықтады.

- Бүгін қалыптасқан дәстүр бойынша отбасылық құндылықты сақтауға, балалар тәрбиелеуге бағытталған өмірімен көпшілікке үлгі бола білген көп балалы аналарды құттықтап, тілек-лебізімізді білдіру үшін жиналдық, Біз, ер азаматтар, сіздердің аналық жауапкершіліктеріңіз бен бағыттарыңыздан демографиялық жағдай ғана емес, қаланың, тұтастай елдің келешегі жақсаратынын жақсы білеміз. Отбасылық құндылық пен дәстүріміз қоғамның негізі болып қала береді.

Жалпы өмір тікелей анамен байланысты. Әйел-ана әр отбасының негізі, бақыт көзі, - деп аналарға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен бекітілген "Алтын алқа", "Күміс алқа" төс белгілерін табыс етті.

 

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ