Аналарға құрмет көрсетілді



8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев қоғамның әр саласында табысты еңбек етіп жүрген іскер әйелдермен және ардагер аналармен кездесті.

Көктемнің шуақты мерекесімен әйелдер қауымын құттықтаған қала басшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін жолдағанын айтып өтті. Үндеуде айтылған әр бір мәселені жан-жақты түсіндірді.

Аналарға деген ыстық лебізін білдіріп, қоғамда әйелдер қауымының алар орны ерекше екенін жеткізді. Қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиевте жүрекжарды жылы лебізін білдірді.

Кездесуде қаланың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азаматшаларға облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың алғыс хаты тапсырылды. Кентау қаласының әр саласында белсенді жұмыс жасайтын аналар қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Мерекелік шарада қаладағы ең жас көп балалы ана Гүлжан Алтынбекке "Алтын алқа" табысталды.

Кездесу соңы ашық пікір алмасуға ұласты. Өнерпаз жастар орындаған әсем әндердің барлығы да аналардың құрметіне арналды.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ