«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Кентау қаласында өтті



«Парасыз болашаққа. Бірге!» республикалық акциясы аясында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен облыс орталығында жасақталған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Кентау қаласында болды.

Мобильді топ мүшелері арнайы автобуспен қала және қалаға қарасты ауылдарда, халық көп шоғырланатын орындарда болып тұрғындармен кездесті. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жасалынған парақшалар мен үн қағаздар таратылды.

Кездесу жиыны, қаладағы мекемелерде, білім беру орындарында жалғасты. Сонымен қатар, қаладағы этно-мәдени орталықтардың мүшелерімен, қала жастарымен, дін өкілдерімен және қалалық төтенше жағдай бөлімі, әділет басқармасы, Кентау трансформатор зауытының, қалалық емхана, тұтынушылардың құқығын қорғау қызметкерлерімен және қала және ауыл тұрғындарымен, жалпы 14 000 тарта тұрғындармен кездесті.

Мобильді топ құрамына ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас мамандары Гүлмира Төлегенқызы, департаменттің бас маманы Жазира Әлжанова, Ғабит Жүндібаев және қала әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен әкімдік қызметкерлері қатысты.

- Мақсатымыз - халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, туындайтын әкімшілік кедергілерді азайтып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамын орындау, - деді қала әкімдігінде өткен жиында мобильді топтың мүшесі Гүлмира Төлегенқызы.

Халықпен кездесу барысында «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының», сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» туралы Заңдары мен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің жүзеге асырылу барысын түсіндірілді.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ