Жолдау көпшіліктен қолдау табуда



Кентау қалалық ақпараттық насихаттық топ жедел медициналық жәрдем станциясы ұжымымен кездесті.

Елбасының халыққа жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы жайлы қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Ғ.Қалымбетова баяндама жасады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі туралы «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Асылбеков түсіндіріп өтті. Жедел медициналық жәрдем станциясы қызметкерлері жолдауды қолдайтындықтарын жеткізді.

Кентау қалалық ақпараттық насихаттық топ «Ердес-Нан» зауытының ұжымымен кездесіп, Елбасының халыққа жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы жайлы жан-жақты насихаттады.

Кентау қалалық ақпараттық насихаттық топ мүшелері қалалық орталық клиникалық аурухана ұжымымен кездесті. Қаланың Құрметті азаматы Ө.Жүсіпов, қалалық мәслихат депутаты Ғ.Андосов, қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғ.Тойшиев, қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Ғ.Қалымбетова Елбасының халыққа жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы айқын басымдықтарды кең көлемде айтып өтті. Қалалық орталық клиникалық аурухананың бас дәрігері, қалалық мәслихат депутаты Ж.Құрманбеков медицина саласының қызметкерлері Елбасының Жолдауын қолдайтынын жеткізді.



Кентау қалалық ақпараттық насихаттық топ «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі насихатталды. Көпшілік Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын толық қолдайтындығын жеткізді. Соның ішінде «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» атты бастама төңірегінде көптеген сауалдарға жауап берілді.

Кентау қалалық ақпараттық насихаттық топ мүшелері «Жансая» балалар туберкулезіне қарсы шипажай ұжымымыен де кездесіп, жолдау жүктеген міндеттері жайында айтып өтті.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ