«Нұр Отан» партиясының құрылғанына - 19 жыл



Биыл «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 19 жыл. Осыған орай Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында мерекелік іс-шара болып өтті.

Жиынға партияның ардагерлері мен партия мүшелері қатысты. Көпшілікті құттықтаған «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сағынбек Асылбеков партияның құрылу тарихы жайында кең көлемде айтып өтті. Атқарылып жатқан жұмыстар бойынша мәлімет берді. Сондай-ақ, ардагер партия мүшелерін Алғыс хаттармен марапаттады. Ақын, акбар қажы Рахым Балабиевке "Ұлы дала батыры" төсбелгісін табыстады.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабаевта жүрекжарды жылы лебізін білдіріп, жаңадан партия қатарына қабылданған жандарға партиялық билеттерді тапсырды.

Көпшілікті құттықтаған қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев белсенді партия мүшелерін Алғыс хатпен марапаттады.

Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ