Командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті



«2018 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңі шарттарындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға АҚМЖ-нің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбындағы 5-6 наурыз күндері «Көктем 2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.

Оқу-жаттығуға қалалық ішкі істер бөлімі, Кентау қаласы бойынша төтенше жағдайлар бөлімі, өртке қарсы қызмет бөлімі, жедел жәрдем стансасы және Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар, қалалық азаматтық қорғау қызметтері, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары қатысты.

Хантағы ауылында өткен оқу жаттығуда техникалар мен жеке құрамның дайындығы жан жақты тексерілді.


Кентау қаласы бойынша Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Бақытжан Абдугапаров оқу-жаттығу көктемгі су тасқыны кезеңі шарттарындағы төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі мен халықтың әзірлігін және қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктем кезеңіндегі ТЖ-ға әзірлігін тексеру мақсатында өткізілгендігін жеткізді.

«Көктем-2018» оқу-жаттығуы аясында жалпы республика бойынша қауіп-қатер және тасқын су ахуалының қолайсыз өршуі шарттарындағы іс-қимылдарды пысықтау бойынша тактикалық-арнайы жаттығулар өткізілді.

Сел мен су тасқынын алдын алу мақсатында су жағаларына құмы бар қаптар қойылды. Қар мен жаңбырдан жиналған сулар өзен арналарына жіберілді. Бекіністер үлкейтілді.


© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ