Чернобыль апатында қаза тапқандарды еске алды


26-сәуір Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың орын алған күні.

С.Қожанов атындағы орталық саябақтағы «Азалы ана» монументінде апатты залалсыздандыруға қатысқан азаматтардың құрметіне митингі болып өтті.

Қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев апатты залалсыздандыруға қатысқан азаматтарға қала халқының атынан алғысын айтты. Чернобыль жерінде болған әрбір ардагер әлемді апат зардабынан құтқарғандығын айтып, қаза болғандарды еске алды. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабаев және қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев толғаныспен тебірене сөз сөйледі. Ал, Чернобыль ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсұтхан Аккулиев игі шара ұйымдастырып отырған қала басшылығына көпшілік атынан алғыс айтты.

Жиын соңында қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев бастаған көпшілік Чернобыль апатына қатысып, қаза болғандарға арнап гүл шоқтарын қойды.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ