Елдің бағы - Ынтымақ!




1-Мамыр - Ынтымақ пен Бірлік күнін Кентау қаласы жоғары деңгейде атап өтті. Мерекелік шара "Туған жер" атты компазициялық қойылымнан бастау алды.

Алғы сөзді алған қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев "Бұл күн - ұлттар мен ұлыстар бірлігінің шынайы рәмізіне айналған еліміздегі айтулы мерекелердің бірі. Бүгінде бүкіл әлемге паш етіліп отырған Қазақстан халқының татулығы мен бірлігі, достығы мен ынтымағының өзегі - Мәңгілік ел болу" - деп қала тұрғындарын мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ, қаланың өсіп - өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға Алғыс хаттар табыстады.

Кентау қаласында бүгінде 30-ға жуық ұлт өкілдері тату-тәтті өмір кешуде. Ұлттар арасындағы тыныштықты сақтауда, ынтымағы мен достығын нығайтуда 6 этно-мәдени орталық жұмыс жасайды. Мерекелік шарада қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев және қаладағы этномәдени орталық төрағалары мен төрайымдары қала тұрғындарын мерекемен құттықтады.

Салтанатты шарада достық әндері мен билері шырқалып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ