Конференция хаттама

Кентау қаласы тұрғындарының пікірін ескеру мақсатында

 өткізілген конференцияның

Хаттамасы

Кентау қаласы                                                                        02.06.2018 жыл

 

Өткізілген орын: Кентау қаласы «Ш.Қалдаяқов» атындағы мәдениет сарайы.

Өткізілген уақыты: 11:00

 

Күн тәртібі

 

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы аумағынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Яссы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінің жалпы көлемі 713343 гектар және Түркістан қаласының жер балансы есебіндегі Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылының 8402 га жерлерін қоса алғанда барлығы 721 745 га жерді Кентау қаласы шегіне енгізу арқылы Кентау қаласының шекарасын өзгерту жөнінде мәселені қарау туралы.

 

Конференцияны қала әкімі Ә.Мақұлбаев ашып, өткізіліп отырған конференцияның мақсатын конференцияға қатысушыларға түсіндіріп, конференцияны одан әрі жүргізу үшін ортадан төраға сайлауға және конференцияның хатшысын сайлау жөнінде ұсыныс жасап, дауысқа салды. Дауыс беру нәтижесінде Кентау қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы И.Жұмабаев төрағалыққа және хатшысы ретінде қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Жорабеков бірауыздан сайланды.

Жергілікті тұрғындардың пікірін ескеру мақсатында өткізіліп отырған конференцияға жалпы дауыс беру құқығы бар 250 адам қатысты.

          И.Жұмабаев: Ағымдағы жылы 31 мамыр күні Шымкент қаласында Әлеуметтік 5 бастама Бейбіт өркендеумен қоғамдық келісімнің кепілі тақырыбында ОҚО Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІ сессиясында облыс әкімі Ж.Түймебаев Шымкент қаласын 1 млн. тұрғыны бар қаласы ретінде атап өтті. Бұл өз кезегінде өте маңызды жаңалық. Күн тәртібінде қаралып отырған мәселе өте орынды деп санаймын. Әрине бұл бастама жергілікті халық үшін үлкен мақтаныш пен абырой болмақ. Және де тұрғындардың әлеуметтік әл-аухатын одан ары көтеруге, қаланың заманауи үлгідегі инфрақұрылымын дамытуға жасалған үлкен мүміндік болар еді. 

Түркістан қаласы аумағынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Яссы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтері Кентау қаласы шегіне енгізу арқылы Кентау қаласының шекарасы ұлғайып, әлеуметтік-экономикалық және ауылшаруашылығы саласы тұрғыдан оң өзгерістер болатыны белгілі.

          Бүгінде Кентау қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы нығайып, өңірдің әр саласында өркенді өзгерістер жалғасын табуда.

          Қаладағы елдің өркендеуінің кепілі болған, көлемді инвестициялар тартылған индустриалды аймақта белгілі  кәсіпорындар өз өнімдерімен қала тұрғындарын және көршілес аудандарды қамтуда. Аймақтың қатары бүгінде өзге де кәсіпорындармен толыға түсуде.

          Сонымен бірге, өңірдегі өзекті мәселені шешудегі игі істің бірі тұрғындарды табиғи газбен қамту жұмыстары да күн тәртібінен түскен емес. Қазіргі таңда аталған бағытта жұмыстар басталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Конференцияда тұрғындар арасынан пікір жасау үшін қалалық мәслихатының депутаты Абдуалиев Уалихан Борашұлы, зейнеткер ұстаз қаламыздың тұрғыны Өміртай Жүсіпов, қалалық мәслихат депутаты Сырлыбаев Керімжан Дауылбайұлы, қаламыздағы №24 мектептің директоры, қала тұрғыны Байсымақ Асан және жастардың атынан жастар орталығының директоры Бекметов Қанат сөз сөйлеп, көтеріліп отырған мәселені бір ауыздан қолдап, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс атқаратындықтарын жеткізді.

Жалпы конференцияда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы аумағынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Яссы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінің жалпы көлемі 713343 гектар және Түркістан қаласының жер балансы есебіндегі Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылының 8402 га жерлерін қоса алғанда барлығы 721 745 га жерді Кентау қаласы шегіне енгізу арқылы Кентау қаласының шекарасын өзгерту жөнінде мәселені толықтай қолдайтындығы жөнінде бір ауыздан шешім қабылдады.

 

Шешім: Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы аумағынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Яссы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінің жалпы көлемі 713343 гектар және Түркістан қаласының жер балансы есебіндегі Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылының 8402 га жерлерін қоса алғанда барлығы 721 745 га жерді Кентау қаласы шегіне енгізу арқылы Кентау қаласының шекарасын өзгерту жөніндегі мәселені келісім беруге дауыс беруге 250 адам қатысып, нәтижесінде «Қолдағандар» 250 адам,         «Қарсы» - жоқ, «Қалыс» - жоқ.

Конференцияда қатысып отырған тұрғындар тарапынан шешім бір ауыздан қабылданды.

 

Конференция төрағасы                                           И.Жұмабаев                       

 

 

Хатшы                                                           Б.Жорабеков                        

 

Кентау қаласының тұрғындарының пікірін ескеру мақсатында

 өткізілген конференцияның

Жүргізу тәртібі

 

 

Кентау қаласы                                                                02.06.2018

 

Өткізілген орын: Кентау қаласының мәдениет үйі.

Өткізілген уақыты: 11-00

 

Қатысқандар: қала тұрғындары. Жалпы саны 250 адам.

 

 

(Қала әкімі Ә.Мақұлбаев ашып, өткізіліп отырған конференцияның мақсатын конференцияға қатысушыларға түсіндіріп, конференцияны одан әрі жүргізу үшін ортадан төраға сайлауға ұсыныс жасап дауысқа салады)

 

Кентау қаласының әкімі Ә.Мақұлбаев:  Құрметті қала тұрғындары бүгінгі жиынымыздың күн тәртібінде Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы аумағынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Яссы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінің жалпы көлемі 713340 гектар және Түркістан қаласының жер балансы есебіндегі Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылының 8402га жерлерін қоса алғанда барлығы 721 742 га жерді Кентау қаласы шегіне енгізу арқылы Кентау қаласының шекарасын өзгерту жөнінде мәселе қаралады. Күн тәртібіндегі мәселені талқылауды бастамас бұрын конференциямыздың төрағасын және хатшысын сайлап алуымыз қажет. Менің ұсынысым бар. Конференцияның төрағасы ретінде Кентау қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабайұлын төрағалыққа және хатшысы ретінде қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бауыржан Жорабековты ұсынамын.

Жергілікті тұрғындардың пікірін ескеру мақсатында өткізіліп отырған конференцияға жалпы дауыс беру құқығы бар 250 адам қатысып отыр.

 

Дауысқа салсақ.

Қарсылық бар ма?

Қарсылық жоқ болса.

Бір ауыздан қабылданды.

 

Дауыс беру нәтижесінде сайланған төраға одан әрі конференцияны ашып жүргізетін болады. Сөз кезегі конференциямыздың төрағасы Жұмабаев Исахан Жұмабайұлына беріледі.

 

И.Жұмабаев: Құрметті конференцияға қатысушылар бүгінгі конференциямыздың күн тәртібімен таныстырып өтсем.

 

Күн тәртібі

 

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы аумағынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Яссы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінің жалпы көлемі 713340 гектар және Түркістан қаласының жер балансы есебіндегі Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылының 8402гажерлерін қоса алғанда барлығы 721 742 га жерді Кентау қаласы шегіне енгізу арқылы Кентау қаласының шекарасын өзгерту жөнінде мәселені қарау туралы.

 

Келесі кезекте конференциямыздың регламентімен келісіп алсақ.

 

  1. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөз сөйлеймін деушілерге – 5-10 минут.
  2. Сұрақ қоюшылар мен пікір айтушыларға 3-5 минут
  3. Ұсыныстар айтушыларға 2- минут

 

 

Қарсылық бар ма? Қарсылық жоқ. Қабылданды.

 

          И.Жұмабаев: Әрине бұл бастама жергілікті халық үшін үлкен мақтаныш пен абырой болмақ. Және де тұрғындардың әлеуметтік әл-аухатын одан ары көтеруге, қаланың заманауи үлгідегі инфрақұрылымын дамытуға жасалған үлкен мүміндік болар еді. 

Түркістан қаласы аумағынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Яссы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтері Кентау қаласы шегіне енгізу арқылы Кентау қаласының шекарасы ұлғайып, әлеуметтік-экономикалық және ауылшаруашылығы саласы тұрғыдан оң өзгерістер болатыны белгілі.

          Бүгінде Кентау қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы нығайып, өңірдің әр саласында өркенді өзгерістер жалғасын табуда.

          Қаладағы елдің өркендеуінің кепілі болған, көлемді инвестициялар тартылған индустриалды аймақта белгілі  кәсіпорындар өз өнімдерімен қала тұрғындарын және көршілес аудандарды қамтуда. Аймақтың қатары бүгінде өзге де кәсіпорындармен толыға түсуде. Көпқабатты тұрғын үйлер салынып, кезекте тұрған азаматтарға пәтерлер берілуде. Табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесіде қолға алынып, жұмыстар жүргізілуде.

 

Енді тұрғындар арасынан пікір білдірушілерге сөз кезегін берсек.

 

1. Алғашқы сөз кезегі қалалық мәслихатының депутаты Абдуалиев Уалихан Борашұлына беріледі.

2. Ендіге сөз кезегі зейнеткер ұстаз қаламыздың тұрғыны Өміртай Жүсіповке беріледі.

3. Сөз кезегі қалалық мәслихат депутаты Сырлыбаев Керімжан Дауылбайұлына беріледі.

 

4. Келесі сөз кезегі қаламыздағы №24 мектептің директоры, қала тұрғыны Байсымақ Асанға беріледі.

5. Сөз кезегін Жастардың атынан жастар орталығының директоры Бекметов Қанатқа беріледі.

 

Жалпы конференцияда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы аумағынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Яссы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінің жалпы көлемі 713340 гектар және Түркістан қаласының жер балансы есебіндегі Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылының 8402гажерлерін қоса алғанда барлығы 721 742 га жерді Кентау қаласы шегіне енгізу арқылы Кентау қаласының шекарасын өзгерту жөнінде мәселені қарау орынды екендігін және бұл мәселені толықтай қолдайтындығы жөнінде сөз алған азаматтар бір ауыздан қолдап отыр.

 

Күн тәртібіндегі мәселе толығымен жан-жақты қаралды есептеймін.  Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы аумағынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Яссы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінің жалпы көлемі 713340 гектар және Түркістан қаласының жер балансы есебіндегі Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылының 8402 га жерлерін қоса алғанда барлығы 721 742 га жерді Кентау қаласы шегіне енгізу арқылы Кентау қаласының шекарасын өзгерту жөнінде мәселені қарау туралы мәселесіне келісім беруге дауыс берулеріңізді сұраймын.

«Қолдағандар» 250 адам

«Қарсы» - жоқ

«Қалыс» - жоқ

Бір ауыздан қабылданды.

 

Дауыс берудің қорытындысын жариялауға рұқсат етіңіздер:

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы аумағынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Яссы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінің жалпы көлемі 713340 гектар және Түркістан қаласының жер балансы есебіндегі Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылының 8402 га жерлерін қоса алғанда барлығы 721 742 га жерді Кентау қаласы шегіне енгізу арқылы Кентау қаласының шекарасын өзгерту жөнінде мәселе бірауыздан қабылданды.

 

Күн тәртібі толық қарастырылды.

Жиынды өткізу бойынша қандай ұсыныстар мен ескертулер бар?

Жоқ.

 

Жиынды жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ