Байылдыр хаттама

Байылдыр ауылы жергілікті қоғамдастық жиынының

№19 ХАТТАМАСЫ 

                       Байылдыр ауылы                                                                   02.06.2018 жыл

Өткізілген орны: Байылдыр ауылының клубы.

Өткізілген уақыты: 11-00

Жергілікті қоғамдастық жиынын ашып жүргізетін: ауыл  әкімі Қалдыбаев Е.К.

Құрметті Қоғамдастық жиынының мүшелері, Байылдыр ауылының тұрғындары! 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес және Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2014 жылығы 16 қыркүйектегі №189 шешімімен бекітілген «Кентау қаласында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын-үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» қағидасы және  тұрғындары өкілдерінің сандық құрамына сәйкес, бүгін Байылдыр ауылының жергілікті қоғамдастық жиыны өткізіліп жатыр. Қоғамдастық жиынына жергілікті қоғамдастықтың мүшелері шақырылды.

Жергілікті қоғамдастық жиынына жалпы дауыс беруге құқығы бар мүшелер саны 8 адам.

Жиын заңды.

М.Омаровты  қоғамдық жиынының төрағасы етіп сайлау ұсынылды.

Қандай ұсыныстар бар?

Басқа ұсыныстар бола ма? Жоқ.

Дауыс берулеріңізді сұраймын.

Бүгінгі өткізіліп жатқан жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы ретінде сайлауға М.Омаров  үшін дауыс берулеріңізді сұраймын.

«Қолдағандар» 8-адам

«Қарсы»  жоқ

«Қалыс-жоқ.

Бірауыздан қабылданды.        

Б.Жаппаровты жиынның хатшысы етіп сайлау ұсынылды.

Қандай ұсыныстар бар?

Басқа ұсыныстар бола ма? Жоқ.

Дауыс берулеріңізді сұраймын.

Бүгінгі өткізіліп жатқан жергілікті қоғамдастық жиынының хатшысы ретінде сайлауға Б.Жаппаров үшін дауыс берулеріңізді сұраймын.

«Қолдағандар» 8-адам.

«Қарсы»  жоқ

«Қалыс»  жоқ

Бірауыздан  қабылданды.       

М. Омаров және Б.Жаппаровты өз міндеттеріңізді атқаруға кірісуілеріңізді сұраймын.

Сөз жиын төрағасы Е.Айтбаевқа беріледі.

                                                    Күн тәртібі:

1. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы аумағынан Шаға, Жаңа Ихан, Ескі Ихан, Үшқайық, Яссы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінің жалпы көлемі 713343 гектар және Түркістан қаласының жер балансы есебіндегі Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылының 8402 га жерлерін қоса алғанда барлығы 721745 га жерді Кентау қаласы шегіне енгізу арқылы Кентау қаласы шекарасын өзгерту жөнінде мәселелерін қарау туралы.

Жұмыс жүргізудің келесі уақыт тәртібі ұсынылды:

  1. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша – 20 минут.
  2. Сұрақ қоюшылар мен пікір айтушыларға– 3-5 минут.
  3. Ұсыныстар айтушыларға – 3 минут

Дауыс беру

Қарсылық бар ма? Жоқ. Қабылданды.

Жиналысқа қатысушы жергілікті қоғамдастық жиын мүшесі 8 адам.

Күн тәртібінде көрсетілген мәселелерді талқылай келе жергілікті қоғамдастық жиын мүшелерімен Байылдыр ауылының тұрғындары Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы аумағынан Шаға, Жаңа Ихан, Ескі Ихан, Үшқайық, Яссы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінің жалпы көлемі 713343 гектар және Түркістан қаласының жер балансы есебіндегі Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылының 8402 га жерлерін қоса алғанда барлығы 721745 га жерді Кентау қаласы шегіне енгізу арқылы Кентау қаласы шекарасын өзгерту мәселелерінорынды екендігіне және бұл мәселені толықтай қолдайтындығы жөнінде бір ауыздан шешім қабылдады.

Шешімі: Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы аумағынан Шаға, Жаңа Ихан, Ескі Ихан, Үшқайық, Яссы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінің жалпы көлемі 713340 гектар жерлерін Кентау қаласы шегіне енгізу арқылы Кентау қаласы шекарасын өзгерту мәселелерінкелісім беруге дауыс берулеріңізді сұраймын.

«Қолдағандар» 8-адам

«Қарсы»-жоқ

«Қалыс»-жоқ

Бірауыздан  қабылданды.

Дауыс берудің қорытындысын жариялауға рұқсат етіңіздер:

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы аумағынан Шаға, Жаңа Ихан, Ескі Ихан, Үшқайық, Яссы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінің жалпы көлемі 713343 гектар және Түркістан қаласының жер балансы есебіндегі Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылының 8402 га жерлерін қоса алғанда барлығы 721745 га жерді Кентау қаласы шегіне енгізу арқылы Кентау қаласы шекарасын өзгерту мәселелері бірауыздан қабылданды.

Күн тәртібі толық қарастырылды.

Жиынды өткізу бойынша қандай ұсыныстар мен ескертулер бар? Жоқ

          Жиынды жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.      

Жиын төрағасы:                                                           Е.Айтбаев

Жиын хатшысы:                                                           Б.Жаппаров

Байылдыр  ауылында 02.06.2018 жылы өткізілген жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылардың тізімі

р/с №

Тегі, аты-жөні

Тұрғылықты жері

1

Айтбаев Ескендир

Байылдыр ауылы

2

Акылбеков Бауыржан

Байылдыр ауылы

3

Алменов Омирзак

Байылдыр ауылы

4

Байкенжеев Дулат

Байылдыр ауылы

5

Жаппаров Бахытжан

Байылдыр ауылы

6

Кудайбергенов Пернебай

Байылдыр ауылы

7

Мусаханова Улбала

Байылдыр ауылы

8

Омаров Мырзахан

Байылдыр ауылы

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ