Салем саған - АСТАНА!


Кентау қаласында 1-маусым балаларды қорғау күні жоғары сән салтанатымен аталып өтті. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Астананың 20 жылдығына орай балалар мен қала жастарының музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің «Шабыт» шеруі өткізілді. Шеруге қалалық білім беру бөліміне қарасты барлық мекемелерден жалпы 3000-ға жуық жас қатысты.

Қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев бүлдіршіндер мен балғын балаларды мерекемен құттықтап, елдің мақтан тұтар азаматы болып өсулеріне тілектестігін білдірді.

Мерекелік шарада әсем әндер орыналып, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады. Қалалық білім беру бөліміне қарасты мекемелердің жетістіктері аталып өтті.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Рухани қазына» кіші жобасының «Ұлттық спорт» бағдарламасы аясында «Жаңғырудың қамы - жасампаздықтың салты» ұранымен жеңіл атлетикалық эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.

Жасөспірімдері арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен сайысқа балалар аса жоғары белсенділікпен қатысты.

Б.Саттарханов атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде БЖСМ топтары арасында футбол жарысы өткізілді. Тартысты да қызықты өткен доп додасында I орынды «Қазақ күресі», II орынды «Дзюдо», III орынды «Баскетбол» тобының командалары жеңіп алды. Жеңімпаз командалар арнайы дәрежедегі димломдармен және медальдармен марапатталды.

Жастар ресурстық орталығында ОҚО девиантты мінез құлықты балаларға арналған мектеп интернатының тәрбиеленушілеріне арналған спорттық сайыс өтті. Онда екі командаға бөлінген жастар түрлі сайыстардан бәсекеге түсті.

Іс-шара соңында Кентау қаласының жайдарманшылары өнер көрсетіп, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ