Рәміздерім мақтанышым!




4-ші маусым - ҚР Рәміздер күніне орай қалада белсенді жастардың қатысуымен велошеру өтті. Спорттық шара «Тәуелсіздік тұғырында» атты мерекелік шараға ұласты.

Мемлекеттік Рәміздер күні - ең қастерлі мерекелердің бірі екенін айтқан қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев қала тұрғындарын рәміздер күнімен құттықтады.

Салтанатты шарада қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабаев жүрекжарды лебіздерін білдіріп, көпшілікті мемлекеттік рәміздерді әрдайым құрметтеп жүруге шақырды.

Іс-шарада патриоттық әндер шырқалып, Тәуелсіз еліміз жайында әсем әндер орындады.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ