Хабарландыру!

Түркістан облысының тұрғындары үшін маңызды ақпарат. Қазақстанда цифрлық телехабар тарату стандартына көшу үрдісі жүріп жатыр. ҚР «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңына сәйкес, 2018 жылдың желтоқсанында аналогты хабар тарату ажыратылатындығын хабарлаймыз.

Цифрлық эфирлік телевидениені көру мүмкіндіктерін алу үшін, теледидарға қосылатын эфирлік сигнал қабылдағышын (ресивер) және сыртқы немесе дециметрлік бөлме антеннасын сатып алу қажет. Тұрғындарға басқа қосымша жабдықтар орнату талап етілмейді.

Жерсеріктік және цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне қосылу мәселелері бойынша 8 (7252) 55-02-84, 99-74-44 телефондары арқылы «Қазтелерадио» АҚ облыстық дирекциясына хабарласып біле аласыздар.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ