Әлеуметтік желілерде таратуға арналған ақпараттық беннерлер үшін тезистер

№ исх: 0-11-6/202   от: 15.03.2018

«Үкіметтік емес ұйымдар Дерекқоры»

- 2018 жылғы 15 қаңтардан бастап «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларының» (бұдан әрі – Қағидалар) жеңілдітілген нұсқасын реттейтінҚР Дін істері дәне азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 175 бұйрығыкүшіне енді.

 

- 2017 жылғы 1 наурыздан бастап «ҮЕҰ дерекқоры» ақпараттық ресурсы жұмысын бастады (infonpo.kz);

 

- ҮЕҰinfonpo.kzарқылы өз қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ дерекқорына бере алады;

 

-ҮЕҰ мәліметтер базасына мәліметтердіэлектрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен infonpo.kz веб-порталы арқылы электронды түрде беруге болады;

 

- ҮЕҰ дерекқорына мәліметтер пошта немесе қолма-қолқағаз және электронды түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті мекен-жайына берілуі мүмкін;

 

- үкіметтік емес ұйымдарды 2018 ж. 31 наурызға дейін ҮЕҰ дерекқорына 2017 жылғы қызметі туралы мәліметтерді infonpo.kzақпараттық ресурсы арқылы тапсыруға шақырамыз;

 

- ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген және 2018 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларынасәйкес,ҮЕҰ дерекқорына тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды, мемлекеттік гранттарды іске асыруға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.

 

- 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1-бабынасәйкес:

1. Коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерiнің) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы – ескерту жасауға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді.

© 2016 КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ