Мы в социальных сетях:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

Спорт майталманы - Қанатбекпен кездесу өтті

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында және қала, ауылдардың тарихына, ел және өлкеге байланысты рухани құндылықтарды қала тұрғындары мен кітапхана оқырмандарына таныстыру мақсатында туған жерінің, туған өлкесінің көркеюіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан азаматтарға арнап Кентау қалалық орталық кітапханасында «Рухани жаңғыру» орталығы ашылған болатын. Жуырда «Спорт - ел еңсесі, мемлекет мерейі» атты тақырыпта қала мақтанышы, әлем чемпионы Қанатбек Шағатаевпен қызықты кездесу кеші өтті.

Оған кітапхананың тұрақты оқырмандары, студент-жастар, тілшілер, арнайы шақырылған қонақтар, Кентау қалалық маслихат хатшысының міндетін атқарушы Талғат Садуов, Кентау қалалық маслихатының аппарат басшысы Арман Басаров, Кентау қалалық маслихатының депутаты Мұқан Тұрысбеков және ақын Жұпаркүл Бекшораева қатысты.

Кездесу еркін әңгімелесу әдісінде өтті. Оқырмандар өздерін қызықтыратын сұрақтарды қоя отырып, Қанатбек Шағатаевтың қызықты әңгімелерін тыңдады. Жеңіске қалай қол жеткізгені туралы, ол үшін үлкен еңбек еткені жайлы айтты.

Іс-шараға қатысушылар спорт саңлағына үлкен табыстар тілеп, лебіздерін білдірді.

Г. Кокулова,

Кентау қалалық орталық кітапхананың директоры

Войти или Зарегистрироваться